Created: 10 Қантар 2019
228

Хабарландыру

 Қарағанды облысы білім басқармасының Сәтбаев қаласы білім бөлімінің «№5 жалпы білім беретін мектебі» КММ

101301 Бабыр би 5, тел. 3-60-31, This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

15.08.2021-25.08.2021жж. аралығында келесі бос лауазымдар бойынша жұмысқа қабылдау үшін педагогтерге конкурстық іріктеу жүргізеді:

1) орыс тілінде оқытатын мектеп: қазақ тілі пәні мұғалімі - 16 сағат

2) қазақ тілінде оқытатын мектеп: қазақ тілі пәні мұғалімі -16 сағат

3) қазақ тілінде оқытатын мектеп: орыс тілі пәні мұғалімі -16 сағат

4) дене тәрбиесі мұғалімі -16 сағат

5) орыс тілінде оқытатын мектеп: математика пәні мұғалімі – 16 сағат

Құжаттар тізбесі:

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға, хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде, келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:

1) осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – (бар болса);

4) білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) соттылығының жоқ (бар) екендігі туралы анықтама;

10) ескертпелер мен көтермелеулерді көрсете отырып, бұрынғы жұмыс орнынан мінездеме (бар болса);

11) ҰБТ сертификаты немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік.


10.01.2019

 

Құрметті Новопавловка селолық округінің тұрғындар!

 

Елбасы Н.Назарбаевтың «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» 2016 жылғы 05 ақпандағы №190 Жарлығына сәйкес 2019 жылдың 18 қаңтарында сағ. 16.00-де Новопавловка ауылдық клуб ғимаратында Новопавловка селолық округі әкімінің халыққа есеп беру кездесуі өтетінін хабарлайды

 

 Әкімшілік