Created: 28 Қараша 2020
111

«Қауіпсіз мектеп автобусы» республикалық акция өткізілуде

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Баланың құқықтарын қорғау күшейту, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс- қимыл және жасөспірімдер арасында суицидтің көбеюі мәселелерін шешу жөніндегі 2020-2023 жылдарға арналған жол картасының» 54,55,56- тармақтарын орындау және мектеп тасмалдауын ұйымдастыру кезінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2020 жылғы 22 қыркүйек пен 25 қазан аралығында «Қауіпсіз мектеп автобусы» республикалық акция өткізілуде.

Акцияның мақсаты: балаларды білім беру ұйымдарына тасмалдауды ұйымдастыру барысында олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мектеп автобустарымен тасмалдауды жүзеге асыру кезінде жол-көлік оқиғаларының алдын алу.

Осыған орай, мектеп инспекторы Мухамбедин Қалдыбек Қайырғалиұлы «Абайлаңыз балалар!» тақырыбында акциясының жоспарына сәйкес мектебімізде кезекші сыныптармен жолдардан өту, велосипедпен жүру, мектепке кірме жолдарында, жаяу жүргіншілерге арналған жолдардан абай болу бойынша қауіпсіздік шараларды сақтау туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Оқушыларға жол белгілерін көрсете отырып олардың қандай белгі болып табылатындығы жайында видео жазба арқылы көрсетіп шықты.