Created: 28 Қараша 2020
132

Короновирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде 1-4 сынып оқушылары арасында кезекші сыныптар ашу ұйымдастырылды

ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2020 ж.13.08. №345 бұйрығына сәйкес короновирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде 1-4 сынып оқушылары арасында кезекші сыныптар ашу ұйымдастырылды . Кезекші сыныптарға оқушыларды қабылдау ата-аналардың өтініші негізінде келісіммен жүзеге асырылды.Мектебімізде 10 кезекші сыныбы ашылды,бұл сыныптарда 125 оқушы қамтылды.Әр сыныпта 10-15 балаға орын жабдықталды.Оқушылардың қауіпсіздігіне байланысты барлық шаралар ұйымдастырылған.Мектеп ішінде бөгде адамдардың болмауын бақылауда ұстаймыз.Мектепке оқушылар ара қашықтықты сақтап кезекпен кіргізіледі. Мектеп толығымен дезинфекция құралдарымен қамтамасыз етілген. Мектеп кіре берісінде дезинфекция төсеніші бар. Әр қабатта санитайзерлер мен, антисепитиктер қойылған. Егер баланың ата-анасы кешігіп жатса,балалар арнайы орындарда отырып күте алады.Қозғалыстың бағытын анықтайтын бағыттаушы сызықтар бар. Балалар өз бағытына тиесілі сызықпен ғана жүреді.Балалар бір-біріне жақындамауына мүмкіндік бермеу үшін әр қатарға баратын жеке сызықтар көрсетілген.Кабинетте бір сынып,бір мұғалім принципімен жұмыс істейді.Оқу кабинеттері де талапқа сай жабдықталған.санитарлық бұрыш ұйымдастырылған, онда антисептиктер мен таза маска қораптары бар.