Оқушылардың демалысын тиімді ұйымдастыру мақсатында мектебімізде күзгі демалыс мерзімінде өткізілетін іс-шаралар жоспарына сәйкес «Отбасылық шеберхана»тақырыбында балалар қолөнерінің онлайн көрмесі, ата-аналар шеберлік сыныбы «Керемет шеберхана» үйірмесінің жетекшісі Л.М.Балабаеваның ұйымдастыруымен жоғары деңгейде өтті. Бұл үйірменің бағдарламасы оқушыларға тәрбиелік мәні бар, көркемдік шеберліктің үлгісі. Бүгінгі шәкірттерді, еңбекқор, жан-жақты икемділік қабілеттері жетілген азамат етіп тәрбиелеуді көздейді. Іс-шараға барлық сынып оқушылары белсене қатысты. Оқушылардың өз қолдарымен жасаған туындылары әлеуметтік желілерге жүктеліп, желі қолданушыларының көңілінен шықты. Оның ішінен ең жақсы туындылар анықталып, алдағы уақытта үздіктері арнайы сыйлық және мақтау қағаздарымен марапатталады.
https://sh5-satpaev.edugov.kz/kz/2019-02-15-12-27-42/110-otbasyly-sheberkhana-ta-yrybynda-balalar-ol-nerini-onlajn-k-rmesi-tti#sigFreeId262d491739