Created: 28 Қараша 2020
929

"Өнегелі өмір" жобасы аясында "Еңбекпен өрілген өмір" атты онлайын сыр сұхбат

"№5 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ-де Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу әдістемелік орталығының бастамасымен "Өнегелі өмір" жобасы аясында "Еңбекпен өрілген өмір" атты онлайын сыр сұхбатымызға арнайы шақырылған қонағымыз қаламыздың құрметті азаматы, қаладағы мәдениет пен өнердің дамуына үлесін қосып, қоғамдық- саяси жұмыстарға , түйткілді мәселелерді шешуге әрқашан жанашырлықпен және белсенділікпен атсалысып, екі қызметті қатар алып жүрген және өзінің еңбегімен жас жеткіншектерге үлгі тұтар Абдолла Байділдаұлы Дастанов ағамызбен әдемі сыр сұхбат өткізілді. Сұхбатымыздың тұсаукесері ретінде мектебіміздің түлегі Тұрсын Нұртас " Көріғұлы" күйін орындады. Абдолла аға, оқушыларымыздың 100 сұрағына шынайы жауап берді. Қойылған сұрақтардың ішіндегі өзіне ұнаған бір сұрақ қойған оқушыға,өзінің арнайы дайындап әкелген қойын дәптеріне қолтаңбасын жазып тапсырды. Мектебіміздің директоры Капарова Р.О. сөз алып, келген қонағымызға алғыс айтып сұхбатымыздың соңын қорытындылады. Абдолла Байділдаұлы ағамыз кездесуден алған әсерін бас бармақты смайликпен көрсетті.

Жоба жетекшісі: Садуақасова Асел Сапарбековна