Created: 30 Қараша -0001
124

«Бала құқығы- адам құқығы»

27.11.20ж күні мектебімізде Дүниежүзілік балаларды қорғау күніне арналған «Бала құқығы- адам құқығы» атты онкүндігіне сәйкес қашықтан онлайн тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатына Сәтбаев қаласы прокуратурасының прокуроры 2 санатты заңгер Наурызбай Болатұлы Есіркеп мырза қатысты.

 

Мақсаты:

  • Оқушыларды өз азаматтықтарының жаңа ережелерімен таныстыру;
  • Жер бетіндегі барлық бала нәсіліне, тіліне, жынысына, ұлтына, дініне, хал-ахуалына, денсаулық жағдайына қарамастан, өз азаматтығын тең дәрежеде қолдана алуына үйрету;
  • Жеке адамның және азаматтың өз құқықтары мен бостандықтарын пайдалану, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбау керектігі жөнінде түсінік беру.

 

Тәрбие сағатында оқушылар Наурызбай Болатұлы Есіркеп мырзаға сұрақтарын қойып, ұтымды жауап алды.

Тәрбие сағатын жүргізген: Балгабаева Арайлым