30.11.20ж күні Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу әдістемелік орталығының бастамасымен «Өнегелі өмір» жобасы жалғасып жатыр. Жоба жетекшісі Садуакасова Асел Сапарбековнаның ұйымдастыруымен өткізілген сұхбатты жүргізген, педагог ұйымдастырушы Өмірсерік Марал Өмірсерікқызы.
«Деніңе саулық, дертіңе шипа сыйлаған» атты тақырыбында сыр сұхбаттың қонағы адал еңбек иесі, жоғары кәсіби маман, ақ халатты абзал жан, ҚР денсаулық сақтау ісінің үздігі, Сәтбаев қаласының «Құрметті азаматы», ардагер дәрігер терапевт Бексейітова Құттыбек Бексейітқызы.
Мақсаты: Ардагер жолын оқушыларға үлгі ету. Ардагердің әңгімесінің мәнін ұғына білуді, үлкендерді сыйлауды, құрметтеуді, атаның батасын, ананың алғысын ала білуді үйрету.
Сыр –сұхбат кезінде оқушылар келген қонағымызға сұрақтарын қойып, сұрақтарына жауап ала білді. Құттыбек апаға фенендоскоп беріп, осы құрал арқылы баланың жүрек соғысын, өкпесін тексеріп тәжірбие түрінде бір еске алды. Мектебіміздің директоры Капарова Руслана Онгонисовна сөз алып Құттыбек апаға алтын уақытын бөліп оқушылармен сыр-сұхбатқа қатысқаны үшін өз алғысын білдірді.
https://sh5-satpaev.edugov.kz/kz/2019-02-15-12-27-42/126-4535254#sigFreeIda46f43d9fa