№5 жалпы орта білім беретін мектебінде Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу әдістемелік орталығының бастамасымен «Өнегелі өмір» жобасы жалғасып жатыр. Қараша айының 24-ші жұлдызында жоба жетекшісі Садуакасова Асел Сапарбековнаның ұйымдастыруымен «Өнегелі өмір – өшпес мұра!» тақырыбында онлайн сыр сұхбат өтті. Сыр-сұхбатты қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі Тусупбекова Балжан Токтагуловна жүргізді.
Сыр – сұхбаттың қонағы Жаңаарқа ауданының тұрғыны, аудандық маслихат және Нұр Отан партиясы фракциясының мүшесі, кәсіпкер - Орынбасарова Нұргүл Охасовна онлайн байланысқа шықты. Құрметті қонағымыз Қазақстанда алғаш рет қымыз пісуден әлемдік рекорд жасауды ұйымдастырушы. Бұл ауқымды ісшара Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданында ақын-жазушы, мемлекет қайраткері С.Сейфулиннің 125 жыл толуына және ауданның 90 жылдығына орай ұйымдастырылған болатын. Бір мезетте 10 мың литр қымыз 1000 күбіге құйылып, ұлттық сусынымызды бүкіл әлем таныды деп айтып өтті.
Сыр- сұхбат барысында құрметті қонағымыз оқушыларға қоғамдық жұмыстарда үнемі белсенді болуға шақырды. «Кітап - рухани қазына» демекші жас жеткіншектерді кітап оқуға шақыра отырып, мектебіміздің кітапханасына ұлы ақын Абай Құнанбаевтың кітабын сыйға тартуды жөн санады.
Сыр-сұхбат барысында оқушылар көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, тұшымды, мағыналы,мазмұнды әңгіме өрбіді. Мектебіміздің директоры Р.О. Капарова сөз алып, мектеппен байланысқа шығып, сыр-сұхбат жүргізіп, оқушыларға тәлім тәрбие беретін өнегелі сұхбатына Орынбасарова Нұргүл Охасовнаға алғысын жаудырды.
https://sh5-satpaev.edugov.kz/kz/2019-02-15-12-27-42/127-786453120#sigFreeId92b4b58339