Created: 25 Қантар 2021
1116

«XXI ғасыр –сауатты ұрпақ ғасыры!» тақырыбындағы «Оқу сауаттылығы» апталығының ашылуы

«XXI ғасыр –сауатты ұрпақ ғасыры!» тақырыбындағы «Оқу сауаттылығы» апталығының ашылуы

18.01.2021ж 1-күн

«№5 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ 18-23 қаңтар аралығында «XXI ғасыр –сауатты ұрпақ ғасыры!» тақырыбында «Оқу сауаттылығы» апталығы ұйымдастырылып, жоспар құрылып бекітілді. Жоспар бойынша саптық жиында апталықтың ашылуы өтті. Апталықтың мақсаты, міндеттері айтылып, өтетін іс-шаралармен таныстырылды.

Апталықтың мақсаты: оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын қалыптастыру негізінде гуманитарлық пәндердің мүмкіндіктерін анықтай отырып, оқушылардың танымдық қызығушылықтарын, жеке шығармашылық танымдарын дамыту.

Міндеті:

- Оқушылардың тіл, әдебиет сабағына деген қызығушылықтарын дамыту.

- Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру

- Оқушылардың сөздік қорын байыту