Бүгін ҚР Парламент мәжілісі мен барлық деңгейлі мәслихат депутаттарының кезекті сайлауы өтті. Дауыс беру 7:00-де Мемлекеттік Әнұранмен жұмысты бастап кетті. Содан бері адам қарасы үзілген жоқ. Сәтбаев қаласының №5 жалпы орта білім беретін мектебінде тұрғындар №282 және №281 сайлау учаскілерінде дауыс берді. Сайлау процесіне қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында COVID 19 коронавирустық инфекцияның таралмауын алдын алу шаралары қарастырылды.
Дауыс беруге арналған пункттер дизенфекциялау құралдарымен жабдықталған, кіреберісте температура өлшеніп, азаматтар арасында қашықтықтар сақталды.
Сайлау 20:00 ге дейін өтті
https://sh5-satpaev.edugov.kz/kz/2019-02-15-12-27-42/143-b-gin-r-parlament-m-zhilisi-men-barly-de-gejli-m-slikhat-deputattaryny-kezekti-sajlauy-tti#sigFreeId68b89a042a