29.12.20 ж күні облыстық «Қашықтықтан BOOM» жобасы аясында білім бөлімінің жоспарына сәйкес, №5 жалпы орта білім беретін мектебінде қалалық «Microsoft Teams платформасының көмегімен динамикалық оқытуды ұйымдастыру» тақырыбында вебинарды мектебіміздің информатика пәні мұғалімі Мұханбетжан Ұлжан Абзалбекқызы «ZOOM» платформасы арқылы өткізді.
Мақсаты: Microsoft Teams платформасының көмегімен динамикалық оқыту технологиясын қолдануда педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттыру.
Міндеті: қашықтан оқу кезінде Microsoft Teams платформасының көмегімен динамикалық оқытуды ұйымдастыру әдістемесін үйрену, алынған білімді қашықтан оқу кезінде қолдану.
https://sh5-satpaev.edugov.kz/kz/2019-02-15-12-27-42/146-74952982896#sigFreeId8d01c43f16