Created: 02 Ақпан 2021
113

Цифрлық әлем 1-күн

І күн- 1 ақпан 2021 жыл

«Цифрлық әлем» ақпараттық сауаттылығын дамыту апталығының ашылуы

Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен, Сәтбаев қаласы білім бөлімінің жоспарына сәйкес «№5 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де «Цифрлық әлем» ақпараттық сауаттылығын дамыту апталығының ашылуы өтті. Апталықтың бірінші күні 1-сабақ үзілісінде апталықтың ашылу салтанатына орай жиын болды. Бұл жиын барысында апта бойында өткізілетін іс-шаралардың жоспары, апталықтың тақырыбы мен мақсаты таныстырылып өтті. Осы апталық жоспарына сай мектебіміздің бірінші қабатында информатика пәнінің мұғалімі Ұлжан Абзалқызының жетекшілігімен «Компьютерлік және ақпараттық сауаттылық» стенді безендірілді. 3-сыныптар арасында «Достық Интернет: Интернет-ғалам» бойынша қауіпсіз саяхат ережелері» тақырыбында сынып сағаттары өткізіліп, оқушыларға интернеттегі қауіпсіз мінез-құлық ережелері туралы ақпараттар берілді, сонымен қатар бейнелер мен фильмдерді көрсетілді. 4-сыныптар арасында «Ақпараттық қауіпсіздік» тақырыбында презентация жасалып, оқушылармен компьютерлік желілерде ақпараттық қауіпсіздікті сақтау туралы әңгіме жүргізілді. 5 сыныптармен «Менің қауіпсіз желім», 6-8 сыныптар арасында «Web - тәрбие ережелері» сынып сағаттары өткізіліп, оқушылар белсене қатысты.

#Цифрлықәлем #цифровоймир