Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу –әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен мектебімізде ағымдағы жылдың 25-30 қаңтар аралығында «Біздің айналамыздағы математика» атты математикалық сауаттылық апталығы өтеді.
«Математикалық сауаттылық – оқушының математиканы түрлі мән мәтіндерде
тұжырымдау, іс-әрекетте, тұрмыс тіршілікте қолдану, талдап түсіндіру қабілеті. Іс-шараның мақсаты:
Математикалық мәдениетті қалыптастыру; математикалық сауаттылықты дамыту арқылы мұғалімдер мен мектеп оқушыларының кәсіби шеберліктерін арттыру.
Міндеттері:
- окушыларды математикадан тапсырмаларды орындауға баулу;
- математикадан білім деңгейі жоғары оқушыларды анықтау;
- оқушылар арасында математиканың өмірдегі маңыздылығын насихаттау;
- оқушыларды өздік жұмыстарға баулу, олардың математикаға деген қызығушылықтарын арттыру;
- математикалық қабілеттерін дамыта отырып, математика ғылымдарын тереңдетіп оқуға ұмтылатын оқушыларды анықтау;
- математика саласындағы оқушыларды дамытудың педагогикалық технологияларының банкін құру
Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Математикалық сауаттылық апталығына белсене қатысайық!
#математикалықсауаттылық #математикавокругнас
https://sh5-satpaev.edugov.kz/kz/2019-02-15-12-27-42/161-matematikaly-sauattyly-1-k-n#sigFreeId567df261fb