Created: 08 Маусым 2021
65

Үздіктерді марапаттау

Мектебімізде үздік оқып, ата-ана мен ұстаздарының қуанышы болған мектеп оқушылары - мектебіміздің ғана емес, еліміздің де мақтанышы. 24 мамыр сағат 10.00-де 1-4 сынып және 12.00 де 5-9 сынып оқушылары 2020-2021 оқу жылында үздік оқушылар мен тәрбие бағыты бойынша қалалық және мектепшілік іс-шараларға белсене қатысып, мектеп абыройын асқақтатуға ат салысқаны үшін марапатталды.

Бүгінгі күн- үздіктер үшін де, ұстаздар мен ата-аналар үшін де қуанышты, салтанатты сәт. Марапаттарыңыз құтты болсын!