26 мамырдан бастап қаламыздың барлық білім беру ұйымдарында жазғы мектеп жұмысы басталды . Жазғы мектепке барлығы 114 оқушы қатысады. Барлық мектеп оқушыларына өткен оқу материалдарын қайталауға, күрделі тақырыптарды игерудегі олқылықтарды жоюға, негізгі пәндер бойынша білім тетіктерін толтыруға мүмкіндік беріледі және қашықтан оқығандар үшін жазғы мектептің маңызы ерекше.
Жазғы мектепте үй жұмысы болмайды, оқу үлгерімі бағаланбайды , еркін киіммен келуге болады. Күніне 40 минуттық 3-4 сабақ өткізіледі, сонымен қатар жеке консультациялар ұсынылады. Оқушыларға жаттығулар, мобильді ойын: волейбол, футбол, баскетбол және т.б., психологиялық тренингтер, сыныптан тыс жұмыстарда шығармашылықты жүзеге асыру бойынша жобалар , сонымен қатар оқу мәдениетін арттыру үшін күнделікті 20-30 минут кітап оқу ұсынылды. Ең алдымен, санитарлық - эпидемиологиялық режим мен жеке гигиена ережерелін қатаң сақтау қажет. Жазғы мектеп жұмысына сәттілік тілейміз!
https://sh5-satpaev.edugov.kz/kz/2019-02-15-12-27-42/246-zhaz-y-mektep-2#sigFreeId27d7e49bee