Республикалық ХХІІ Абай оқуларының қалалық кезеңі.
Абай поэзиясы – қазақ халқының ұлттық мақтанышы. Абай Құнанбайұлының өлеңдерінен қазақ даласының табиғаты, қазақтай рухы мықты елдің өмірі мен тағдыры, шындығы, арман-тілегі, тек қазаққа тән ұлттық ерекшеліктері көрініп тұрады. Міне, сол қасиеттерді өскелең ұрпақтың бойына сіңіру мақсатында жыл сайын қазақ елінің барлық өңірінде дәстүрлі түрде Абай оқулары өтеді. 2021 жылдың 26 мамырында ХХІІ Абай оқуларының қалалық кезеңі болып өтті. Абай оқулары ережеге сай 6 номинация бойынша өткізілді.
«Ұлылар әлемі» бөлімі бойынша №5 ЖББМ 9- сынып білім алушысы Өтеген Шерхан ІІ орынға ие болды. ЖАРАЙСЫҢ