23.08 - 09.09.2021 ж аралығында Республикалық "Абайлаңыз балалар" жедел іс-шара акциясы аясында
I әкімшілік полиция пунктінің учаскелік полиция инспекторы полиция аға лейтенанты Қалдыбек Қайрғалиұлы Мухамбедин ұйымдастыруымен ақпараттық сағат өткізілді. Акцияға барлық сынып оқушылары қатысты. Жол көлік оқиғаларына байланысты түрлі жазатайым жағдайлардың орын алуына тек көлік тізгіндеген азаматтар ғана емес , жаяу жүргіншілер де себепші болып жатады, сол себепті оқушыларға жол ережесі жайында толық мағлұмат берілді, профилактикалық шаралар жүргізілді.