Created: 17 Қазан 2023
10

Мектебім-мейірім мекені

2023 жылдың 1 қыркүйегінде “№5 жалпы білім беретін мектебі» КММ- де «Мектебім-мейірім мекені» тақырыбында салтанатты жиын өтті.Мақсаты: Өскелең ұрпақтың білімге құштарлығын оятуға, талаптануына және мектепттің мүддесін қорғауға, ар-ұятты болуға, шақыру.Салтанатты жиынның алғашқы құттықтау сөз кезегін мектеп директоры Адамьянова Шолпан Советовна мұғалімдерді, ата-аналарды және оқушыларды мерекемен құттықтап, ақ тілегін арнады. Сонымен қатар салтанатты жиынға қала қонақтары Сәтбаев қалалық жер қатынастары бөлімінің маманы Абдуллина Кымбат Кайруллаевна мен Білім бөлімінің әдіскері Бахтаева Айгуль Машурпбековна қатысып, өздерінің жылы лебіздерін білдірді. Мектебіміздің талантты оқушылары, мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндер өнерлерін ортаға салып, салтанатты іс-шарамыздың көркін ашты.

#Мектебіммейіріммекені

#Біртұтас_тәрбие

#Ұлытау_біртұтас_тәрбие