Created: 18 Қазан 2023
10

Терроризм және оның зардаптары

9 “Ә” сынып оқушыларымен сынып жетекшісі Г.Т. Аюбекова «Терроризм және оның зардаптары» атты тақырыбына тәрбие сағатында өткізді. Мақсаты: Оқушыларға терроризм туралы терең түсінік беру, оның түрлері, себептері мен зардаптарын ұғындыру;
Жасөспірімге қоғамның әлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып, оларды террорлық, лаңкестік және діни экстремистік бағытта арандатуға жол бермеу;
Жасөспірімдерге бейбітшіліктің маңызын және мейірімділік пен ізгіліктің, адамдарға жақсылық жасай білудің өмірдегі басты ұстанымы екенін ұғындыру.
Тероризм мен діни экстремизм адамзат баласына қауіп пен қатер төндіретін ұйымдар. Олар өз мүдделерін жүзеге асыру үшін небір озбыр әрекеттерге барады. Билік пен байлыққа қол жеткізу үшін ештеңеден тайсалмайды. Билікті орнынан кетіріп, дінді сылтау етіп, адамдар өміріне қауіп ұялатады. Қоғам арасында алауыздықты тудырып, тыныштықты бұзады. Оқушыларға түсіндірілді, оқушылар өз ойларын айтты.
#5мектеп
#терроризм
#Біртұтас_тәрбие
#Ұлытау_біртұтас_тәрбие