Created: 18 Қазан 2023
10

Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан

Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, жақсы қасиеттерді бойына дарытатын ұстазға деген халқымыздың құрметті қашан да ерекше. Өйткені, қоғамның басты байлығы – адам болса, сол «адамның адамшылығы жақсы ұстаздан» дейді дана Абай. Білім беру саласында, оның ішінде көркем еңбек саласында аянбай еңбек етіп, шәкірттеріне сапалы білім, саналы тәрбие берген, мектебімізде талай жыл аянбай қызмет жасаған ұстазымыз Байменова Айнұр Сабыровнаға айтулы мереке Ұстаздар күні қарсаңында 8"Ә" сынып оқушылары видеоқұттықтау жолдады.
Барлық ұстаздарды мерейлі мерекемен шын жүректен құттықтай отырып, аяулы ұстазымызға мықты денсаулық, отбасына амандық тілейміз! Ұстаздар мерекесі құтты болсын!!!!!
#Біртұтас_тәрбие
#Ұлытау_біртұтас_тәрбие