Created: 18 Қазан 2023
10

Тулеубаева Гүлбаршын Мұқанқызы

Тулеубаева Гүлбаршын Мұқанқызы 1958 жылы Қарағанды облысы ЖаңаАрқа ауданында дүниеге келді. 1965 жылы Талдыбұлақ мектебіне 1 сыныпқа қабылданып,1975 жылы ЖаңаАрқа ауданындағы Ленин атындағы орта мектептен 10 сыныпты аяқтайды. Осы жылы ҚарМУ “физика” факультетіне оқуға түсіп, 1980 жылы физика пәні мұғалімі мамандығын алып шығады. 1980 жылы Атасу мектебіне физика пәні мұғалімі болып жұмысқа орналасып, ең алғашқы еңбек бастайды. Өмірлік жары Алпысбаймен тұрмыс құрып, 3 қызды дүниеге әкелді. 2000 жылы Сәтбаев қаласының №5 жалпы білім беретін мектебіне математика физика пәндері бойынша мұғалім болып жұмысқа орналасты. Аталған мектепте әдіс бірлестігінің жетекшісі болып бірнеше жыл жұмыс атқарды. 2016жылы Гүлбаршын Мұқанқызы зейнет демалысына шықты. Қазіргі уақытта 3 қызының жиен немерелерін сүйіп, елеулі еңбегінің зейнетін көріп отырған ардақты әже.
Гүлбаршын Мұқанқызын Ұстаздар мерекесімен құттықтап, мықты денсаулық, ұзақ өмір, отбасына амандық тілейміз. Құрметті Гүлбаршын Мұқанқызы әрқашан жүзіңізден мейірім нышаны кетпей, айналаңызға нұрыңызды шашып, аналық бақытқа кеңеліп жүре беріңіз!#Біртұтас_тәрбие #Ұлытауоблысы