Created: 18 Қазан 2023
20

Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы

Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат,
өйткені мұғалім – мектептің жүрегі.
Ыбырай Алтынсарин
Дүниедегі мамандық атаулының төресі – ұстаздық. Әсілі, мұғалім барлық мамандық иесін тәрбиелейтін, оқытып үйрететін мейірімді абзал жандар. «Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы» демекші, ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ. Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ секілді. Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған. Сондықтан ұлағатты ұстаздарға бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.Сондай ұстаздардың бірі «№5 жалпы білім беретін мектебі»КММ -де ұзақ жылдар бойы география пәнінің мұғалімі Омаров Мұхаммедали Доскенұлы. Мұхаммедали Доскенұлы 1960 жылы ақпанның 28 –і күні Қарағанды облысы Жезді ауданы Қарсақпай кентінде дүниеге келген. 1977 жылы
№1 Жамбыл Жабаев атындағы мектепті аяқтағаннан кейін, Жезқазған педагогикалық институына түсіп,1982 жылы география-биология мұғалімі мамандығын алып шығады.1982 жылы институтты аяқтағаннан кейін әскери борышын абыроймен атқарып келгеннен кейін өзі оқыған мектепке жұмысқа орналасады.
2004 жылдан бері №5 жалпы орта білім беретін мектебінде география-биология мұғалімі болып қызмет атқарып келеді. Қазіргі уақытта зейнеткер.
Жолдасы Қорғанбекова Капура Садыққызы №19 Ыбырай Алтынсарин атындағы мектеп-лицейінде физика пәнінен сабақ беріп,зейнетке шыққан.
Құрметті,Мұхаммедали Доскенұлы! Сізді мектеп ұжымы ұстаздар күнімен құттықтайды. Әр күніңіз мейірімді, табысты , жемісті , қызықты болсын және әр оқушы сіздің арқаңызда әлемді жаңаша көрсін. Ең бастысы деніңіз сау болсын! Ізгі ниетпен:"N5 жалпы білім беретін мектеп " КММ-нің ұжымы #Ұстаздаркүніқұттыболсын!