Created: 21 Желтоқсан 2023
5

21.09.2023жылы “№5 жалпы білім беретін мектеп”

21.09.2023жылы “№5 жалпы білім беретін мектеп” КММ-де жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналысқа жоғарғы сыныптың ата-аналары қатысты. Жиналысқа Сәтбаев қаласының прокаратурасының прокуроры Серік Хожаев, Сәтбаев қаласы әкімдігінің кәмелетке толмағандар істері және олардың құқық қорғау жөніндегі бас инспекторы Серікбаева Жанерке Мұратбекқызы, Сәтбаев қаласының полиция бөлімінің әйелдерді зорлық -зомбылықтан қорғау тобының инспекторы Жунусова Гауһар қатысты.Мектебіміздің директоры Адамьянова Шолпан Советовна және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айтбаева Айзада Мырзагалиевна.Мектеп психолог А.Н.Вальтер қатысты.

Күн тәртібінде:

1.2023-2024 оқу жылының басталуы туралы.

2.“ Ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбие ” жобасы туралы.

3.Мектептің ішкі тәртіп ережесі мен мектеп формасы туралы.

4.Құқықбұзушылықтың алдын алу.

Жиналыс барысында ата-аналарға “Ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбие” жобасы таныстырылды.Осы күн тәртібіндегі тақырыптар қарлып біткеннен кейін, ата-аналар сұрақтар қойып,сұрақтарына ұтымды жауап алды.

#тәрбие_құндылық_бөлімі

#ҰОББтәрбие

#Ұлытау_біртұтас_тәрбие