Сәтбаев қаласы “№5 жалпы білім беретін мектебі” КММ-де жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу бойынша 7-8-9-10 сыныптар арасында Сәтбаев қаласының әкім аппаратының кәмелетке толмағандардың істері бойынша бас инспекторы Серикбаева Жанерке Махсутбековна, қала прокуратурасының прокуроры Әлібек Айбарс Нұрболұлы, Сәтбаев қаласының полиция бөлімінің ЮПТ аға инспекторы Кәрімжан Маржан Талғатқызы, Сәтбаев қаласының полиция бөлімінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция майоры Жунусова Гаухар Каппасовна және Сатбаев қаласының білім бөлімінің әдіскері Куляш Оразовна оқушылырмен кездесу өткізді. Кездесу барысында зорлық- зомбылық, бопсалау,кешкі уақытта далада жүрмеу, электрондық самокат, электрондық темекі шегудің алдын-алу бойынша окушылармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кездесуге мектеп директоры Адамьянова Шолпан Советовна, директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Нуржанова Эльмира Арифовна, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айтбаева Айзада Мырзагалиевна, мектеп психологы Вальтер Анастасия Николаевна қатысты. Оқушылар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып нақты жауаптарын алды.
https://sh5-satpaev.edugov.kz/kz/2019-02-15-12-27-42/700-7-8-9-10-synyptar#sigFreeId727492a7e4