Created: 27 Желтоқсан 2023
6

"Ұстаз - ұлы тұлға" тақырыбында 4"Ә" сыныбында тәрбие сағаты өтті

"Ұстаз - ұлы тұлға" тақырыбында 4"Ә" сыныбында тәрбие сағаты өтті. Мақсаты: Ұстаздың адам өмірінде алатын орыны зор екендігін, ұстаздарды құрметтеу, сыйлау және қадірлеу қасиеттерін оқушылардың бойына дарыту. Ұстаз мамандығының қыры мен сырларын түсіндіру. Ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге тәрбиелеу. Мұғалім — мамандық, ұстаздық — қасиет. Яғни, ұстаз болу — адам бойындағы ұлы қасиеттердің бірі. Ендеше, осынау үлкен ұғымдағы ұстаздық қасиетке барынша адалдық танытып, бар саналы ғұмырын осы салаға арнаған, ұстаздарға қандай мақтау, мадақ айтсақ та артықтық етпейді. Төл мерекелеріңізбен аяулы да, ардақты ұстаздар! #5мектеп #Ұстаздаркүні #Біртұтас_тәрбие #Ұлытау_біртұтас_тәрбие