Created: 27 Желтоқсан 2023
12

"Ер есімі-ел есінде

"Ер есімі-ел есінде" тақырыбында ақын, айтыскер Оразалы Доспосынов туралы 4"Ә" сыныбында сынып сағаты өтті. Өзі жас болса да артынан өшпес мұра қалдырды. Оразалы Доспосынов 1975 жылдың 15 қарашасында Алматы облысы Райымбек ауда¬нының Тегістік ауылында дүниеге келген. Оразалы Доспосынов Абай атындағы ҚазҰПУ-дің филология факультетінде оқыған. Республикалық додаларда жарқырай көрінген тума талант өзін жырсүйер көпшілікке айтыстың ақтангері ретінде мойындатқан талант иесі. Оразалы Доспосынов туралы оқушыларға көптеген мәліметтер берілді. #5мектеп #Біртұтас_тәрбие #Ұлытау_біртұтас_тәрбие