Created: 27 Желтоқсан 2023
19

Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздері туралы

1992 жылдың 4 маусымында «Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздері туралы» Заңға қол қойды. Бұл күн еліміздің тарихында мемлекеттік рәміздеріміз- ту, елтаңба және әнұранымыздың алғаш рет бекітілген күні болып қалды. 2007 жылы Елбасы Жарлығымен 4 маусым - Мемлекеттік рәміздер күні ретінде бекітілді. Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеудің басты мақсаты - қазақстандық патриотизм, Қазақстанның әлеуметтік - экономикалық жетістіктерін мақтан тұту идеяларын кеңінен дәріптеу және дамыту, қазақстандықтардың Мемлекеттік Ту, Елтаңба, Әнұранға деген терең құрмет сезімін қалыптастыру.«№5 жалпы білім беретін мектебі» КММ мектеп кітапханасында Мемлекеттік рәміздер күніне «Рәміздер – елдігімнің реңі, теңдігімнің тірегі» кітап көрмесі жасалды. Іс – шараның мақсаты: өз Отанының патриоты болуға жетелейді. Шараға 1-9 сынып оқушылар қатысты. #5мектеп #Біртұтас_тәрбие #Ұлытау_біртұтас_тәрбие