Created: 06 Желтоқсан 2023
9

«№5 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де 12.09.2023 күні кітапханада Нурсеитова Гулмира Дукенбаеваның ұйымдастырумен «Сәтбаев қаласына 50 жыл» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды

Кітап көрмесіне 4 сыныптың оқушылары қатысты. Көрмеде Сәтбаев қаласы 1973 жылы құрылғаны, қаланың аумағы, халық саны Жезқазғаннан қанша шақырым жерде орналасқаны, Қ.И. Сәтбаев аты қаламызға қай жылы берілгені туралы айтылды. Қала тарихы қазақстандық ғалым және геолог Қаныш Сәтбаевтың есімімен тығыз байланысты. Академик дәл осы жерде аймақтығы ең ірі мыс кенін тапқан. Сондықтан 1990-шы жылдың күзінде тұрғындардың өтінішімен шаһарға оның негізін қалаушы Қаныш Сәтбаевтің есімі берілді. Балаларға қаламыз туралы слайд, видео ролик көрсетілді.