Created: 06 Желтоқсан 2023
8

«Ұстазым менің, ұстазым!» челленджі

Құрметті “№5 жалпы білім беретін мектебі” КММ-нің директоры Адамьянова Шолпан Советовна, мектеп әкімшілігі және ұстаздары! Сіздерді ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Өзінің уақытын аямайтын, өзгенің бақытын аялайтын мұғалім кез-келген сый-құрметке лайық! Жанарларыңыз әрдайым нұр шашып, жүздеріңіз күндей күлімдеп жүре берсін! Сондай-ақ шәкірттеріңіздің құрметі мен белесі көп болсын. Шығармашылық ізденістер, ғылыми жаңалықтарыңыз арта берсін.Мерекелеріңізбен! Мерейлеріңіз үстем болсын! Ізгі тілекпен, “№5 жалпы білім беретін мектебі” КММ-нің өзін-өзі басқару, “Жас ұлан”, “Жас қыран” ұйымы, оқушылары.