Created: 07 Желтоқсан 2023
10

"Жол тәртібін білейік, аман - есен жүрейік" тақырыбында 4 "Ә" сыныбында тәрбие сағаты өтті

Мақсаты: Оқушылардың көшеде жүру ережелерін меңгеру дағдысын қалыптастыру және оны іс - жүзінде пайдалана білуін жетілдіру. Оқушыларды сақтыққа тәрбиелеу. Тәрбие сағатында оқушыларға жолда жүру ережесіне байланысты 1. Бағдаршам дегеніміз не? Адам үшін оның маңызы қандай? 2. Бағдаршам жоқ жерде, жолды қалай қиып өтуге болады? 3. Бағдаршамның қызметін атап бере аласың ба? 4. Жолдағы қозғалыс бағдаршамнан басқа қандай белгілермен реттеледі? 5. Қанша жастан бастап, велосипедпен жүруге рұқсат етіледі? 6. Бағдаршамның қызыл шамы жанып тұрғанда, кімдерге өтуге рұқсат етіледі? 7. Жүргіншілер қай жолмен жүру керек? 8. Жүрісті реттеп тұратын адам кім? деген сияқты сұрақтар қойылып, оқушылар өз ойларын айтып, пікір алмасты. Оқушышылар өздері жаттаған өлеңдерін оқып, жол ережелері туралы көп мағлұматтар алды. Өткізген: А.С. Садуакасова