Created: 07 Желтоқсан 2023
8

«ТӨРТ ТОҚСАН – ТӨРТ ӨНЕР»

ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИ-АҒАРТУШЫЛЫҚ ЖОБАСЫ аясында I тоқсандағы «Ақындар айтысы» бөлімі бойынша іс-шаралар жүйелі түрде жүргізілуде.”№5 жалпы білім беретін мектебі КММ” 13.10.2023 жылы 9"Ә" сыныбында "Айтыс қазақтың төл өнері" тақырыбында тәрбие сағаты болып өтті. Мақсаты: Айтысты қазақ халқының ұлттық құндылығы ретінде дәріптеу, баға жетпес мәдени мұрамызды шешендік өнер арқылы таныту, балаларды ұлттық рух пен отансүйгіштік, өз халқына, салт-дәстүріне деген құрмет білдіруге тәрбиелеу, дарынды шығармашыл жастарды анықтау. Айтыс – ұлттық құндылығымыз. Ал осы ұлттық құндылықты сақтап қалу үшін өткенді саралап бүгінгіні бағалап отыру басты мақсат.