Мақсаты: Оқушыларға Қазақстан Республикасының рәміздері туралы мағлұматтар беру. Оқушыларға мемлекеттік рәміздердің аса маңызды екенін, оны құрметпен мақтан тұту керектігін ұғындыру. Іс- шара барысында оқушылар әр түрлі тапсырмалар орындау арқылы білімдерін, ой – өрістерін, сана – сезімдерін дамытты.Одан кейін оқушыларға «Рәміздерім - мақтанышым» тақырыбында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің шығу тарихы және рәміздердің әр азаматтың өмірінде алатын орыны, әр рәміздің өзіндік ерекшелігі туралы бейнефильм көрсетілді. Оқушылардың зеректігін, алғырлығын, жылдамдықтарын дамыту мақсатында «Кім жылдам?» ойыны ойнатылды.
Created: 07 Желтоқсан 2023
10