Created: 07 Желтоқсан 2023
9

25-қазан Республика күніне арналған "Менің Отаным-Қазақстан"атты тақырыпта тәрбие сағаттары өтті

Мақсаты: Оқушылардың бойына Отансүйгіштік, адалдық, ұлтжандылық қасиеттерін дамыту. Сынып сағатында оқушыларға Отанымыздың тарихы туралы мол мағлұматтар берілді. Әңгімелер слайдтармен де, бейнероликтермен де, тақырып бойынша презентациялармен де сүйемелденді. Оқушылар Қазақстан Республикасының құрылуы, Тәуелсіздік алуы, елорданың Астанаға көшуі сияқты маңызды оқиғалар жайлы ой бөлісіп, еліміздің көрікті жерлері жайлы ақпараттармен танысты.Оқушылар кері байланыс жасап, өздерінің түсінгендерін, ойларын ортаға салды.Іс -шара соңында оқушылар Отан, туған жер туралы тақпақ, ән айтып, би биледі.