Created: 07 Желтоқсан 2023
10

"Еркін тыныс ал!"

Жалпыреспубликалық флешмоб. 20 қараша күні №5 жалпы білім беретін мектебінде балалардың салауатты өмір салтына деген ұмтылысын қолдау, вейпингтің зияны, оның ағзаға тигізетін кері әсері, адамның жалпы хал- жағдайына, көңіл күйіне және өмірлік белсенділігіне теріс әсер ету туралы хабардарлық деңгейін арттыру мақсатында "Еркін тыныс ал!" тақырыбында Флешмоб болып өтті.Флешмоб балалардың физикалық және психологиялық денсаулығына ықпал етуге, оларды кез келген зиянды әдеттерден саналы түрде бас тартуға түрткі болуға, пайдалы іс түрлерімен белсенді айналысу қалауы мен қажеттілігін ынталандыруға арналған.