Created: 11 Қантар 2024
8

№5жалпы білім беретін мектебінде 23қараша күні «Дүниежүзілік балаларды қорғау күні балаларға арналған өмір»

Республикалық онкүндіктігінің жұмыс жоспарына сәйкес, балалардың мүддесі үшін мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелеріне қоғамның назарын аудару мақсатында 8,9,10сыныптың ұлдарымен «Мен және менім құқығым» ,"Әке - асқар тау" тақырыбында жанұядағы әке мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту, ұлттық салт-дәстүрімізге байланысты әке орнының ерекше екендігін ұғындыру, әкеге деген бала махаббатын ояту мақсатында тақырыптық іс-шара өткізілді.Іс-шара «Жүрек жылуы»тренингімен басталып,топтық түрлі тапсырмалар орындауымен жалғасты.Әке тақырыбына эссе жазу,мақал-мәтелдер айту,төрт шумақ өлең шумақтарын шығару сынды кезеңдерде белсенділік көрсетті. Әке – асқар тау.Отбасында әкенің орны бөлек.Әке қамқорлығы дегеніміз – отбасы мүшелерін әртүрлі пәле-жаладан қорғап отыратын қасиетті ұғым. Сондықтан әкені сыйлау, оған үлкен құрметпен, ілтипатпен қарау баланың парызы болмақ. Бала әрқашан әкеден ақыл үйренеді.Бүгінгі іс-шараға қатысушылар осындай өз ойлары мен түйгендері туралы қорытынды бөлімде ортаға салды.