Created: 11 Қантар 2024
15

Мектебімізде АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ

қызметі аясында ата-аналардың балаларды жаңа жағдайға бейімдеу қабілеттерін дамыту мақсатында 4 "Ә"сынып ата-аналарына "Ақыл айтпа, жол көрсет. Оқытудың жаңа шарттары: бала қалай бейімделеді" тақырыбында "Coffee Break"форматында сабақ өтті.Сабақ барысында бейімделу кезеңінде балаларда физиологиялық және эмоционалдық өзгерістер болатыны түсіндірілді, ата-аналарды баланың негізгі мектепте оқуға бейімделуінің физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерімен таныстырылды.Ата-аналарға топқа бөлініп, баланың мектептегі психологиялық және педагогикалық мәселелерін алғашқы кезеңнен бастап талдау ұсынылды,«Мен балаға қалай көмектесе аламын»тренингі,сергіту ойындары ойнатылды.
Сабақ соңында «Балалардың бейімделуіне көмек» чек-парақтары таратылды.Жақсы көңіл-күйде ата аналарымыз тілектерін білдірді.