Created: 26 Ақпан 2021
356

Кітапхана

Біз кітапты насихаттаймыз.
«№ 5 жалпы білім беретін мектебі» КММ
Мектеп кітапханасына 2023 – 2024 оқу жылында кітапхана қорына көптеген көркем әдебиеттер алынды. Кітапхана оқырмандары әдеби кітаптарды алып оқып жатыр. Атап айтатын болсам, 5 «Ә» сынып оқушысы Мағазов Нұртөре өзінің қызығушылығымен оқыған кітабы Лесли Ньюманның «Хачико иесін күткен ит»
«Хачико. Иесін күткен ит» – адалдық, достық және жанқиярлық туралы көркем де әсерлі әңгіме. Бұл кітап адамдар мен иттердің арасындағы кіршіксіз қарым - қатынасты суреттейді. Сонымен бірге кітаптан Жапониядай таңғажайып елмен, оның дәстүрлерімен және тұрмыстіршілігімен таныса аласыз. – Оқырманы азайған бүгінгі күнде кітап дейтін қасиетті дүниені насихаттау – нардың жүгін көтергенмен бірдей.
16 желтоқсан – ҚР Тәуелсіздігі күніне орай №5 жалпы білім беретін мектеп кітапханасында Нурсеитова Гулмира Дукенбаевнаның ұйымдастырумен «Тәуелсіз елім Қазақстан» атты презентация мен «Елімнің еркіндігі Тәуелсіздік» кітап көрмесі таныстырылды. Кітап көрмесі еліміздің тәуелсіздік алған сәтінен бастап бүгінге дейінгі жүріп өткен жолы туралы қаламгерлердің жазған еңбектері мен тәуелсіздік жылдарында баспадан шыққан әдебиет туындыларымен қамтылды.
«№ 5 жалпы білім беретін мектебі» КММ
Мектеп кітапханасында «Оқуға құштар мектеп» жобасы
Аясында кітаханшы Нурсеитова Г. Д ұйымдастыруымен
«Отбасымен бірге оқимыз»атты ойын сайысы өтті.
Ойынның мақсаты: қазақ ертегілерін көп оқуға баулу.
Сайыс үш бөлімнен тұрады:
1 – кезең Үй тапсырмасы Қазақ ертелілерін ата – аналарымен оқу
2-ші кезең: «Кейіпкерлермен сырласайық».
3 – ші кезеңі: «Тез құра!»
4 кезеңі «Ой-өрісті сергітейік»
Іс – шараға 3 – 4 сыныптың оқушылары мен ата – аналар қатысты, ойынға 4 сынып «Ақылдылар», 3 сынып «Білгіштер» тобы болып ойнады.