Хабарландыру
Қарағанды облысы білім басқармасының Сәтбаев қаласы білім бөлімінің «№5 жалпы білім беретін мектебі» КММ
101301 Бабыр би 5, тел. 3-60-31, This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
2021-2022жж. аралығында келесі бос лауазымдар бойынша жұмысқа қабылдау үшін педагогтерге конкурстық іріктеу жүргізеді:
1) орыс тілінде оқытатын мектеп: қазақ тілі пәні мұғалімі - 16 сағат
2) қазақ тілінде оқытатын мектеп: орыс тілі пәні мұғалімі -16 сағат
3) орыс тілінде оқытатын мектеп: математика пәні мұғалімі – 16 сағат
4) орыс тілінде оқытатын мектеп: бастауыш сынып мұғалімі
5) жоғарғы сыныптарға ағылшын мұғалімі
6) орыс тілінде оқытатын мектеп: математика мұғалімі
7) қазақ тілінде оқытатын мектеп: математика мұғалімі
Құжаттар тізбесі:
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға, хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде, келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
1) осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – (бар болса);
4) білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) соттылығының жоқ (бар) екендігі туралы анықтама;
10) ескертпелер мен көтермелеулерді көрсете отырып, бұрынғы жұмыс орнынан мінездеме (бар болса);
11) ҰБТ сертификаты немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік.