Created: 17 Наурыз 2021
140

Сыбайлас жемқорлық - қоғам дерті

Сыбайлас жемқорлық қоғамымыздың қауіпті дерті болғандықтан онымен күрес күн өткен сайын күшейіп келеді. Осыған орай  «№5 жалпы білім беретін мектебі»КММ-де "Сыбайлас жемқорлық - қоғам дерті" атты тренинг өтті. Іс- шара  барысында  мектеп директоры Капарова Руслана Онгонысқызы  «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру» тақырыбында баяндама жасады. Іс- шарада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл аясында Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша заңдардағы өзгерістердің негізгі ережелері талқыланды. Сондай-ақ, қызметкер тегін call- байланыс орталығының (1424 нөмірімен) жұмысы туралы ақпаратты ұсынды, бұл желі арқылы барлық адамдар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы кеңес ала алады және құқық бұзушылық фактілері туралы хабарлай алады деп толық ақпараттар берілді. " Сыбайлас жемқорлық - қоғам дерті" атты тренингті мектеп директорының ақпараттық жөніндегі орынбасары Р.К.Есимсейтова  жалғастырды. «Сыбайлас жемқорлық деген не?» деген сұрақ  төңірегінде постер қорғалып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта видеороликтер көрсетіліп, сауалнама жүргізілді. Іс-шара соңында «Тілек қоржыны» кері байланысын ұйымдастырды. Тренинг жұмысы қорытындыланып, ұсынымдар қабылданды. Жалпы, тренингке  қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, тиімді нәтижелерге қол жеткізу үшін ұсыныстарын айтып тарқасты. Тренинг  қатысушылары тренинг жұмысының өзектілігі мен нәтижелілігін атап өтті. Қоғаммен бірге өркендеп, етек жайып, етене сіңісіп келе жатқан бұл кеселдің тереңнен құлаш жаймауына өз үлесімізді қосу және оған тосқауыл болу-біздің басты міндетіміз деп іс –шара қорытындыланды.