Ұлытау облысы білім басқармасының Сәтбаев қаласы білім бөлімінің
«№5 жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа №5» отдела образования города Сатпаев управления образования области Ұлытау
Мектеп асханасында оқушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру қызметін арнайы бақылау
« N5 жалпы білім беретін мектебі» КММ асхананы бракераждық комиссия мүшелері мектеп асханасындағы оқушылардың тамақтан улану және ішек жұқпаларының алдын алу мақсатында оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру қызметтеріне арнайы бақылау жүргізді. Бақылау нәтижесінде алынған тағам құндылығының сынамалары микробиологиялық көрсеткіштерге сай, нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес. Тамақтануды ұйымдастыруға құрылған арнайы комиссия мүшелері асхана жұмысын, көрсетілген қызмет сапасын, тізім бойынша оқушылардың толық тамақтануын жіті қадағалауда. Асхананың, ыдыстардың тазалығы, ас мәзірі күн сайын медбике А.М.Сейілованың тексеруінен өтеді.Ас мәзірі бойынша барлық тағам қамтылған және қауіпсіздік ережелері сақталған.Бекітілген мәзір бойынша дайын ас көлемінің тамақ әзірлеуге азықтардың дұрыс салынуы, тәуліктік сынама алу мен сақталуы бақыланды. #сәтбаевбілімбөлімі
Толығырақ...Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздері туралы
1992 жылдың 4 маусымында «Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздері туралы» Заңға қол қойды. Бұл күн еліміздің тарихында мемлекеттік рәміздеріміз- ту, елтаңба және әнұранымыздың алғаш рет бекітілген күні болып қалды. 2007 жылы Елбасы Жарлығымен 4 маусым - Мемлекеттік рәміздер күні ретінде бекітілді. Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеудің басты мақсаты - қазақстандық патриотизм, Қазақстанның әлеуметтік - экономикалық жетістіктерін мақтан тұту идеяларын кеңінен дәріптеу және дамыту, қазақстандықтардың Мемлекеттік Ту, Елтаңба, Әнұранға деген терең құрмет сезімін қалыптастыру.«№5 жалпы білім беретін мектебі» КММ мектеп кітапханасында Мемлекеттік рәміздер күніне «Рәміздер – елдігімнің реңі, теңдігімнің тірегі» кітап көрмесі жасалды. Іс – шараның мақсаты: өз Отанының патриоты болуға жетелейді. Шараға 1-9 сынып оқушылар қатысты. #5мектеп #Біртұтас_тәрбие #Ұлытау_біртұтас_тәрбие.
Толығырақ...Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін жоба аясында
Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін жоба аясында, “№5 жалпы білім беретін мектебі” КММ-нің 8-9-10 сыныптары арасында дене шынықтыру пәні мұғалімі Боранбаев А.Қ. футболдан жарыс ұйымдастырды. Жарысқа барлық оқушылар белсене қатысып, жақсы көңіл күймен қайтты. #5мектеп #Біртұтас_тәрбие #Ұлытау_біртұтас_тәрбие
Толығырақ...«№5 жалпы білім беретін мектебі» КММ КГУ «Общеобразовательная школа №5» отдела образования города
Сатпаев управления образования области Ұлытау