Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Ұлытау облысы білім басқармасының Сәтбаев қаласы білім бөлімінің
«№5 жалпы білім беретін мектебі» КММ

КГУ «Общеобразовательная школа №5» отдела образования города

Сатпаев управления образования области Ұлытау

МЕНЮ

«№5 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де 1 қыркүйек - Білім күні мерекесіне арналған “Мектебім - мейірім мекені” тақырыбында салтанатты жиын өткізілді.

Жиынға Сәтбаев қаласы білім бөлімінің әдіскері Бахтаева Айгул Машурпбековна, Сәтбаев қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Тобагулов Нұрболат Бейсембайұлы, Ұлытау облысы полиция департаментінің есірткі қылмыстарына қарсы іс–шара басқармасының бастығы, полиция полковнигі Оспанов Ерлан Бітімбайұлы мен ата-аналар қатысты.

Салтанатты шара барысында мектеп директоры Адамьянова Шолпан Советовна білім күні мерекесімен құттықтай отырып, өткен оқу жылындағы жетістіктерге тоқталды. Сонымен қатар, мектеп табалдырығын аттағалы отырған 1-сынып бүлдіршіндерінің қадамдарына сәттілік тіледі.

Ұлытау облысы Сәтбаев қаласы "N5ЖББМ" КММ -де Біртұтас тәрбие бойынша Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі 2024 жылғы 15 наурыздағы ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты отырысында берілген тапсырмасына сәйкес «Жаңартылған Біртұтас тәрбие» бағдарламасын ұсынды.«Біртұтас тәрбие» бағдарламасының жаңартылған нұсқасын сапалы және нақты орындау мақсатында,мектебімізде 1-11сынып жетекшілеріне ,пән мұғалімдеріне "БІРТҰТАС ТӘРБИЕ" бағдарламасы :жаңартылған мазмұны және енгізу алгоритмі» тақырыбында түсіндірме жұмысы ұйымдастырылды.«Біртұтас тәрбие бағдарламасы» – ұлттық, адами құндылықтарға негізделген. Бұл құжатта білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысын толыққанды жүзеге асыру үшін білім алушылардың бойында қалыптастырылуы тиіс құндылықтар мен тәрбиенің мақсаты, міндеттері айқындалады.

1 тамызы мен 30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол» дәстүрлі жыл сайынғы республикалық акция жоспарына сәйкес «Мектепке жол» акциясы аясында 22 тамыз күні Сәтбаев қаласы Төтенше жағдайлар бөлімі және №2 Өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері, аз қамтылған жалғыз басты ананың 6-сыныпқа баратын Илья Непогожинға қолдау көрсету мақсатында керекті киім-кешек пен кеңсе-жарақтары толтырылған мектеп сөмкесін әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасына қол ұшын тигізді. Жаны жомарт, жүрегі нұрға толы азамттар акцияға белсене атсалысуда. Акция бойынша жұмыстар әлі де жалғасын табуда.

 Өткен оқу жылында атқарылған жұмыстар айтылып, 2024-2025 оқу жылындағы білім беру мен тәрбиелеу процесіндегі тың жобалар, оқыту сапасын арттыру, мұғалім мәртебесін көтеру, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ерекше білімді қажет ететін балаларды оқытудың жаңа әдістерін қолдану, білім берудегі цифрлық мәселелері кеңінен айтылды. Кеңесте Ұлытау облысының үздік педагогтері марапатталса, оның көшбасында Сәтбаев қаласының білім беру ұйымдарының педагогтері де бар.Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрлігінің Құрмет грамотасы - Нуржанова Эльмира Арифовна, №5 жалпы білім беретін мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарын марапатымен құттықтаймыз!

© 2025 Ұлытау облысы білім басқармасының Сәтбаев қаласы білім бөлімінің
«№5 жалпы білім беретін мектебі» КММ КГУ «Общеобразовательная школа №5» отдела образования города

Сатпаев управления образования области Ұлытау