Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Ұлытау облысы білім басқармасының Сәтбаев қаласы білім бөлімінің
«№5 жалпы білім беретін мектебі» КММ

КГУ «Общеобразовательная школа №5» отдела образования города

Сатпаев управления образования области Ұлытау

МЕНЮ

Бүгін мектебімізде «Біртұтас тәрбие» тәрбие бағдарламасын іске асыру мақсатында 5-6 сынып оқушылары арасында «Буллингтен қорған!» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.

Мақсаты: оқушылардың жауапкершілігін арттыру және буллинг пен кибербуллинг туралы жалпы түсінікті қалыптастыру арқылы өзара сыйластық орнату.

Психолог: Вальтер А.Н.

Сынып жетекшілері: Байтенова М.С., Кенбеилова А.Қ.

Мектебімізде 17.01.25 ж күні Ұлытау облысы, Діндерді зерттеу орталығының КММ- де “Діни деструктивті ағымнан сақтану жолдары” атты тақырыбында 9- сынып оқушыларымен кездесу өтті. Кездесу барысында деструктивті ағымдардан сақтану жолдары мен алдын алу шаралары туралы ақпарат беріліп, қоғам мүшелерінің арасында осындай қауіпті түсінуге және оларға қарсы тұруға дайын болу қажеттілігі туралы пікірлер айтылды. Кездесудің нәтижесінде оқушылар деструктивті ағымдардың зиянды әсерлерінен сақтану жолдары туралы маңызды білім алды.

Кездесу барысында оқушыларға қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық заңнамалары, жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу мәселелері, бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Мұндай басқосулардың жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алуға септігі жайында оқушыларға презентация көрсетті.

Бүгін мектебімізде 8-11сыныптар арасында "Діни экстримизм мен терроризмнің алдын алу" мақсатында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айтбаева Айзада Мырзагалиевна және тарихи пәнінің мұғалімі Байзакова Саида Даулетжановнамен мектеп парламенттері бірлесіп оқушыларға баяндама оқып видеоролик көрсетіп түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Бұл шараның басты мақсаты – жастар арасында радикалды идеялардың таралуының алдын алу, сондай-ақ оқушылардың діни ағымдар мен теріс көзқарастарға деген түсінігін тереңдету.

© 2025 Ұлытау облысы білім басқармасының Сәтбаев қаласы білім бөлімінің
«№5 жалпы білім беретін мектебі» КММ КГУ «Общеобразовательная школа №5» отдела образования города

Сатпаев управления образования области Ұлытау