«№5 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де 1 қыркүйек - Білім күні мерекесіне арналған “Мектебім - мейірім мекені” тақырыбында салтанатты жиын өткізілді.
Жиынға Сәтбаев қаласы білім бөлімінің әдіскері Бахтаева Айгул Машурпбековна, Сәтбаев қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Тобагулов Нұрболат Бейсембайұлы, Ұлытау облысы полиция департаментінің есірткі қылмыстарына қарсы іс–шара басқармасының бастығы, полиция полковнигі Оспанов Ерлан Бітімбайұлы мен ата-аналар қатысты.
Салтанатты шара барысында мектеп директоры Адамьянова Шолпан Советовна білім күні мерекесімен құттықтай отырып, өткен оқу жылындағы жетістіктерге тоқталды. Сонымен қатар, мектеп табалдырығын аттағалы отырған 1-сынып бүлдіршіндерінің қадамдарына сәттілік тіледі.