Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Ұлытау облысы білім басқармасының Сәтбаев қаласы білім бөлімінің
«№5 жалпы білім беретін мектебі» КММ

КГУ «Общеобразовательная школа №5» отдела образования города

Сатпаев управления образования области Ұлытау

МЕНЮ

Бүгін мектебімізде құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.М Айтбаева және мектеп психологы А.Н.Вальтер.Мектеп медбикесі А.Сейілова 8-10 сыныптар арасында ұл балаларға арналған жиналыс өткізілді. Жиналыста буллинг, жыныстық қолсұғушылыққа жол бермеу, зорлық-зомбылық жеке гигиена,түнгі уақытта көшеде жүрмеуі туралы оқушылармен түсіндірмелі жұмыстар жүргізілді.

 

14 қыркүйекте 14,27,5 жалпы білім беретін мектептердің әкімшілігі мен мұғалімдері полиция қызметкерлерімен бірге БАМ саяжайын аралады. Саяжайдың тұрғындарымен сұхбат жүргізіп, саяжайдан қатынап оқитын балалардың жағдайымен таныстық. Рейд барысында оқумен қамтылмаған балалар анықталмады.

 Бүгін мектебіміздің 4”А”, 4”Б” сынып оқушылары Сәтбаев қаласының №44 Өрт сөндіру бөліміне барды. Оқушыларға өрт сөндіру бөлімінде өрт жағдайдағы қауіпсіздік ережелерімен таныстыру жұмыстары жүргізілді. Оттың тілсіз жау екені, өрттен, оттан сақтану жолдары, оттың пайда болу жолдары айтып түсіндірілді. Сонымен қатар, оқушылар өрт сөндіру техникалары мен құралдарын тамашалап, олар туралы мағлұматтар алды.

7 қыркүйек күні "№5 жалпы білім беретін мектебі" КММ оқушыларымен "Назар аударыңыз - балалар!" жедел алдын-алу іс-шарасы бойынша Сәтбаев қаласының ПБ ЖПҚБ ЮПТ аға УПИ полиция майоры М.З.Сейтмагамбетов және ПБ жол техникалық инспекциясының аға инспекторы Н.Т. Сламгалиев кездесу жүргізді. Кездесу барысында электрондық самокат, мопед тебуге болмайтынын, кешкі уақытта ата-ана қарауынсыз сыртта жүруге тиым салынатындығы туралы және жол ережесін сақтау, ол - өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету екендігі түсіндірілді. Сонымен қатар, сабақтан қалмау, электрондық темекі және басқа зиянды заттарды қолдануға тиым салынатыны, жыныстық қолсұғушылықтың алдын-алу жайы қозғалды. Кездесуге директордың тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары А.М. Айтбаева және мектеп психологы А.Н. Вальтер қатысты.

© 2025 Ұлытау облысы білім басқармасының Сәтбаев қаласы білім бөлімінің
«№5 жалпы білім беретін мектебі» КММ КГУ «Общеобразовательная школа №5» отдела образования города

Сатпаев управления образования области Ұлытау