Ұлытау облысы білім басқармасының Сәтбаев қаласы білім бөлімінің
«№5 жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа №5» отдела образования города Сатпаев управления образования области Ұлытау
Бүгін мектебімізде жасөспірімдердің арасында құқық бұзушылықтың алдын алуға байланысты жиналыс өтті.
Сәтбаев қ ПБ ЖПҚБ УПИ полиция лейтенанты Әбілжанов Әділет Бағдатұлы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айтбаева Айзада Мырзагалиевна Айтбаева әлеуметтік педагог Мықтыбек Жаннұр Дастанқызы қатысты.
Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық, беймезгіл уақытта себепсіз жүру, сабақтан себепсіз қалу, 16 жасқа дейін мопед тебуге болмайтындығы туралы қатаң ескертіліп айтылды.
Есті алатын есірткі заттарына тәуелділік талай жанның тағдырын талқан еткенін тәжіри¬беден көріп, біліп жүрміз. Өкініштісі, нашаға әуестенген бір адамның зауалы бүкіл отбасына, жақындарына теріс әсер етеді.
"Нашақорлыққа жол жоқ" тақырыбында 5-11сыныптар арасында сурет байқауы ұйымдастырылды.
Мектебіміздің 6 “Ә” сынып оқушылары “Есірткі - біздің жауымыз” тақырыбындағы суреттер көрмесіне қатысты.
«№5 жалпы білім беретін мектебі» КММ КГУ «Общеобразовательная школа №5» отдела образования города
Сатпаев управления образования области Ұлытау